Әдістемелік жұмыстар
«Табысты мектеп -мәңгілік елдің болашағы»
Мақсат- мектептің келелі мәселесін зерттеу арқылы оқыту мен тәрбиелеуде ішінара табыс үшін өзгерістер енгізу (ақпараттық талдау жасау, теориялық жағынан негіздеу, әдіс-тәсілдерді зерттеу, іздену) оқу сапасын арттыру, оқушының оқу, оқытушының оқыту дағдысын күрделендіру;
Міндет – Педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін арттыру;
-
Оқу мазмұнын жаңарту үрдісіне қызмет ету
-
Оқыту мен тәрбиелеудің даму мониторингін жетілдіру;
-
Сапалы оқу мен оқытуға жету;
-
Орта білім берудің мазмұнын жаңартуға қызмет арқылы, оқу мен оқыту сапасын арттыру;
-
Мектеп оқушыларының бойында «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;
Мектепішілік жұмысты бақылау
Мақсат- Оқытуды келелі мәселесін зерттеу арқылы оқыту мен тәрбиелеуде ішінара табыс үшін өзгерістер енгізу ( әдіс-тәсілдерді зерттеу, іздену) оқыту сапасын арттыру, оқушының оқуы, оқытушының оқыту дағдысын күрделендіру.
Бақылау бағыттары:
1- Баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін бақылау
2- Мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау
3- Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жағдайын бақылау
4- Базалық және қосымша білім беруді қамтамасыз етуді бақылау
5- Мектептегі тәрбие жұмысының жағдайын бақылау
6- Оқу-тәрбе процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу сапасын бақылау
2019-2022 жылдар аралығындағы Жаңартылған білім беру жүйесіне көшу жағдайында тірек мектеп (ресурстық орталық) желісіндегі жұмыстың жоспары
Мақсаты : Тірек мектебі (ресурстық орталық) қоғамдастығында жаңартылған білім беру мазмұнына сай оқыту мен қосымша үйрету арқылы оқу мен оқыту сапасын арттыру
Міндеттері:
-
Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында оқытушы мен оқушы тұлғасын әлеуметтендірудің теориялық-әдіснамалық маңызын негіздеу мен қолданбалы мүмкіндіктерін анықтау арқылы «Құзыретті мектептің» жобасын дайындау;
-
Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында оқушылардың «бақытты» болуы үшін өзінше шешуіне жағдай туғызу;
-
Әр баланың өзіндік даралық қасиетін көрсетуіне және оның қажеттілігіне, қызығушылығы мен қабілеттін жүзеге асыруына мүмкіншілік беру, баланың тұлға ретінде дамуына территориялық біріктірулер, әлеуметтік серіктестіктер мен педагогтардың күш жігері арқылы бағыттау;
-
Оқушының өзіндік уәжінің дамуына бағытталған білім сапасын дамыту жүйесін құру;
-
Мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру, қажетті материалдар базасын дайындау, бұқаралық насихаттау және тәжірибеге енгізу іс-әрекетін жоспарлау.