Нұржан Наушабаев туралы

Нұржан қазіргі Алтынсарин ауданы
Мезгіл ауылындағы Жалпақшоқ қонысында дүниеге келген.
Әкесі Наушабай мал бағып күнін көрген кедей кісі.
Анасы – ақын Шал Құлекеұлының қызы. Анасынан жас шағында жетім қалып, басқа жанашыр туысы болмағандықтан нағашы әжесі тәрбиелеп өсірген.
Азан шақырып қойған есімі – Нұрмұхамбет болған соң, әжесі, Шал ақынның бәйбішесі – Айғайша еркелетіп Нұржан атап кеткен. «Алып анадан» - дейді халық. «Үйдің жақсы болмағы ағашынан, баланың жақсы болмағы нағашыдан» дегендей, Нұржанның табиғат берген ақындық өнері осы нағашы жағынан ауса керек.
Жастайынан араб-парсы тілдеріндегі кітаптармен татар, башқұрт жазушыларының шығармаларын оқыды, әнші, сері, балуан атанып, дидактикалық үлгідегі нақыл, терме, толғау, мысал және назым жырларын жазды.
