Мектепке қабылдау
«Оқу жұмысы» айдары.
Құрметті ата-аналар!
Естеріңізге сала кетейік, 1-сыныпқа қабылдаудың аяқталуына 3 күн қалды! Балаларды 1-сыныпқа қабылдау 1 тамыз айына дейін іске асырылады,
Аталған мемлекеттік қызмет электронды форматта «SAKURA: электронды мектеп» білім беру порталы, сондай-ақ egov.kz арқылы көрсетіледі.
Ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері кез келген білім беру ұйымын таңдауға құқылы.
Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттар қажет:
ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
026/у-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;
065/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;
баланың 3х4 сандық фотосуреті.
заңды өкілдің ЭСҚ.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде өңделеді.
Назарларыңызға Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 31-баптың 1-тармағының негізінде 1-сыныпқа 6 жастан бастап балалар қабылданады, яғни қыркүйек-желтоқсанда туған балалар бірінші сыныпқа бара алады. Өйткені күнтізбелік жыл соңына дейін олар толық алты жасқа жетеді.
Барлық сұрақтар бойынша «Қостанай ауданы білім бөлімінің Н.Наушабаев атындағы мектеп - гимназиясы» КММ-не немесе 2-03-70 телефонына хабарласуға болады.