Алдын-алу іс-шаралары
1. Бағдарламаның паспорты
Ескерту. Бағдарламаның паспортына өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 13.12.2019 № 925 қаулысымен.
Атауы
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама)
Әзірлеу үшін негіздеме
Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 1) тармақшасы;
"Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының 4-тарауы;
"Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 422 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 63-тармағы