Жаңалықтар

«Оқуға құштар мектеп» айдары
Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелен ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру; еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында аудандық "Қостанай өлкесінің балалар жазушылары" атты әдеби қонақ бөлмесі іс-шара өтті.
Кездесуге Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет ақын, Суслова Александра Ильинична, Ажигалиева Бақытжамал Сеитқызы жазушылар шақырылды. Балалар олардың өмір мен шығармашылық жолдарымен, кітаптарымен танысты. 7,8-ші сынып оқушылары Ақылбек Шаяхметовтың шығармаларын жатқа оқыды, әсіресе Байдрахман Рамиля, Жұмабаева Ажар, Нищадимова Виктория ақынның өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре орындады. Мектептің ең белсенді оқырмандар Нащадимова Виктория және Канапенова Айгерім алғыс хатпен марапатталды. Көрермендер риза болды. Кездесу өте жоғары деңгейде өтті.

«Психологиялық қызмет» айдары.
Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу мақсатында сынып жетекшілер оқушыларға сынып сағаттары мен "бес минуттық" қауіпсіздік сабақтары өтті және өзін – өзі қорғаудың көріністері бар бейнероликтері көрсетілді.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп жасындағы балалардың кітап оқуға құмарлығын ояту мақсатында "Менің сүйікті кітабым" атты тақырыпта 6 сынып оқушылары Какимжанова Дана және Баймагаметова Дильназ өзінің сүйіп оқитын кітаптары туралы айтты.Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.

«Тәрбие жұмысы" айдары.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Республикалық бірыңғай « Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 10 жылдығына орай санитарлық талаптарды сақтай отырып, "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны өтті.

«Рухани жаңғыру» айдары.
Қостанай ауданының 100 жылдығына орай Тобыл қаласының көрнекті жерлерін көрсету мақсатында фотоколлаж жасалды. Тарихи деректерде Қостанай ауданы Орынбор-Торғай губерниясының Қостанай уезінің болыстарынан және Қостанай губерниясының құрамындағы жаңадан құрылған Свердлов облысынан 1921 жылы 1 сәуірде құрылғандығы жазылған.

«Тәрбие жұмысы» айдары.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқушылардың санасын қалыптастыру және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту мақсатында 5-11 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілері «Біздің таңдауымыз - құқықтық мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Тәрбие жұмысы» айдары.
Өскелең ұрпақтың арасында жалпыға бірдей еңбек, адалдық және сатылмаушылық идеяларын мінез-құлық нормасын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралардың қабылдануы мен нығайтылуына ықпал ету мақсатында 1-4 сынып оқушылары «Адал еңбектің кейіпкері»тақырыбында суреттер салды.

"Тәрбие жұмысы" айдары.
Отан қорғаушылар күні, Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес, жас ұрпақты Ұлы Жеңіске қалай және кімдердің арқасында жеткеніміз туралы ұмытпауға, жадында сақтауға және патриоттық сезімдерін оятуға шақыру мақсатында 5 сынып оқушылары Сырым Ханзада және Баймухамбетова Айдана сынып жетекшісі Алимова Ж.Е. жетекшілігімен «Біз білмегеніміз үшін рахмет...» ардагерге хат жазды.

"Тәрбие жұмысы" айдары.
Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай мектепішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру мақсатында 2 "А" сынып жетекшісі Байгазина Г.Т. оқушыларына "9 мамыр. Жеңіс күні" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді!
«Тәрбие жұмысы» айдары.
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай этномәдени бірлестіктердің өкілдері болып табылатын оқушылардың құттықтауы

Құрметті ата-аналар!
10 наурыздан бастап облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және тұрақтануына байланысты сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді.
Аралас форматқа көшу қысқа мерзімде іске асырылып, апта соңына дейін аяқталатын болады. Бұл ретте пәндердің 70 %-ы штаттық форматта, 30% - ы қашықтан өткізіледі, пәндер бойынша мектеп дербес шешім қабылдайды.
Мектептерде балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін барлық жағдайлар жасалған, оқу үдерісі санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ұйымдастырылған.
Ерекше жағдайларда- ауырған кезде немесе науқастармен қарым-қатынас болған жағдайда ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтық форматта қалдыруға рұқсат етіледі.
Білім алушылар сабаққа мектеп формасында да, ата-аналардың шешімі бойынша еркін, таза және ұқыпты киіммен де қатыса алады.

"Рухани жаңғыру" айдары. "Қазақстанның киелі жерлері" арнайы жобасы. Ортағасырлық Талғар қалашығы ҮІІІ-ХІҮ ғасыр Алматы облысы, Талғар қаласының оңтүстігінде орналасқан.
Талхир қаласы өз заманында халықаралық және жергілікті сауда орталығы ретінде де кеңінен дамыған.Талхир қалашығы ірі әкімшілік, саяси, сауда орны ретінде парсы жазба деректерінде Х ғасырда көрсетіле бастады. Сонымен қатар Ұлы Жібек жолындағы халықаралық сауда да қала тіршілігіне үлкен ықпал еткен. Себебі, Жібек жолы дәл осы жерден жан-жаққа тарамдалғандықтан, Талғар керуен жолдарының тоғысқан жерінде, түйілісінде орналасқан.
«Талғар қалашығы» (ескерткіштің жалпы аумағы 385га) Оның ішінде қалашықтың аумағы 20,8 га,қорғау аймағы 55,7га, құрылыс салуды реттеу аймағы 27,0 га, қорғалатын табиғат ландшафты аймағы 281,5 га.
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану» туралы Заңының 36-шы бабына сәйкес 2013 жылғы 28 маусымда Алматы облыстық мәслихатының №18-118 шешімімен қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағы мен қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары бекітілді. 15.07.2013 жылы облыстық әділет департаменті тарапынан №2394 тіркеуден өтті. 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени Мұра тізбесіне кірді.
2018 жылы Талғар қалашығы Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қарауына өтті.

Кипшакбаева Гульнара Жумагуловна жеңімпазды дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды

Халықаралық байқауда І дәрежелі дипломмен Баймағанбет Жанель марапатталды
Рубрика:"Рухани жаңғыру". Еңбек елдің мұраты
Рубрика "Рухани жаңғыру" бағдарламасы "Дәстүр мен Ғұрып" арнайы жобасы.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған "Қазақстан балалары шексіз әлемде" балалар киносының аудандық байқауында Абишев А.Э. оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні айдарынан
5-сыныптың әдебет пәні оқулығында қазақ көсемсөзін жаңа бір кезеңге көтерген дарынды қаламгер Марат Қабанбаевтың «Бауыр » әңгімесі берілген. Бұл шығармада Ұлы Отан соғысы зардабынан жапа шеккен жетімдер тағдыры туралы айтылады.Ағайындылардың аянышты тағдыр жолы- оқушылардың сезімтал жүректеріне өте әсер етті.Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау мақсатында өткен сабақ барысында оқушылар шығарма кейіпкерлерінің тағдырын,қазіргі күндегі адамдардың іс-әрекетімен салыстырып,дәлел келтіре суреттеп, өз ойларынша болжам жасап, тұжырымдап берді.
Неге олай болжам жасаймын? Қазіргі өмірмен қалай салыстырар едің? Жасаған болжамдарыңызға шығармадан дәлел келтіріңіңіз,-деген тапсырмаға оқушылар өте жоғары дәрежеде жауап бере алды.
"Туған қалаға - игі істер" номинанциясы бойынша Жақсыбай Ерсұлтан бастаған "Мейірімді жүрек" еріктілер ұйымы ардагерлерге қар тазалап көмектесіп қайтты!
#Костанайскийрайон

"Дарынды оқушылар" айдары. 8-11 сынып оқушылар арасында республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде
* өлкетану секциясында Утарбаева Аружан 1орын, жетекшісі Каратаева К.С.;
*қазақ тілі мен әдебиеті секциясында Берікқызы Айша 2орын, жетекшісі Сейтмағанбетова Ш.Ж.;
*биология секциясында Досланова Балжан 2орын, жетекшісі Жанбыршина А.С;
*ағылшын тілі секциясында Минзятова Әдемі 2орын, жетекшісі Изымкулова М.Т. алды. Құттықтаймыз.
