top of page

Нормативті құжаттар

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

Мақсат- мектептің келелі мәселесін зерттеу арқылы оқыту мен тәрбиелеуде  ішінара табыс  үшін өзгерістер енгізу (ақпараттық талдау жасау,  теориялық жағынан негіздеу, әдіс-тәсілдерді зерттеу, іздену) оқу сапасын арттыру, оқушының  оқу, оқытушының  оқыту   дағдысын күрделендіру;

Міндет – Педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін арттыру;

  • Оқу  мазмұнын жаңарту үрдісіне қызмет ету

  • Оқыту мен тәрбиелеудің  даму мониторингін жетілдіру;

  • Сапалы  оқу мен оқытуға жету;

  • Орта білім берудің мазмұнын жаңартуға  қызмет  арқылы,   оқу  мен  оқыту  сапасын арттыру;

  • Мектеп оқушыларының бойында «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;

Мектепішілік жұмысты  бақылау

Мақсат- Оқытуды келелі мәселесін зерттеу арқылы оқыту мен тәрбиелеуде  ішінара табыс  үшін өзгерістер енгізу ( әдіс-тәсілдерді зерттеу, іздену) оқыту сапасын арттыру, оқушының  оқуы, оқытушының  оқыту   дағдысын күрделендіру.

 

Бақылау  бағыттары:

1-      Баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін бақылау

2-    Мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау

3-    Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жағдайын бақылау

4-    Базалық және қосымша білім беруді қамтамасыз етуді бақылау

5-    Мектептегі  тәрбие  жұмысының жағдайын бақылау

6-    Оқу-тәрбе процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу сапасын бақылау

2019-2022 жылдар аралығындағы Жаңартылған  білім беру жүйесіне көшу жағдайында  тірек мектеп  (ресурстық орталық) желісіндегі жұмыстың жоспары

Мақсаты : Тірек  мектебі (ресурстық орталық) қоғамдастығында жаңартылған  білім  беру  мазмұнына сай оқыту мен қосымша үйрету арқылы оқу  мен оқыту сапасын арттыру

Міндеттері:

  • Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында оқытушы мен оқушы тұлғасын әлеуметтендірудің теориялық-әдіснамалық маңызын негіздеу мен қолданбалы мүмкіндіктерін анықтау арқылы «Құзыретті мектептің» жобасын дайындау;

  • Тірек мектебі (ресурстық орталық) жағдайында оқушылардың «бақытты» болуы үшін өзінше шешуіне жағдай туғызу;

  • Әр баланың өзіндік даралық қасиетін көрсетуіне және оның қажеттілігіне, қызығушылығы мен қабілеттін жүзеге асыруына мүмкіншілік беру, баланың тұлға ретінде дамуына территориялық біріктірулер, әлеуметтік серіктестіктер мен педагогтардың күш жігері арқылы бағыттау;

  • Оқушының өзіндік уәжінің дамуына бағытталған білім сапасын дамыту жүйесін құру;

  • Мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру, қажетті материалдар базасын дайындау, бұқаралық насихаттау және тәжірибеге енгізу іс-әрекетін жоспарлау.

bottom of page